25 шіл, 2022 сағат 13:16

Жақында үйленген Ninety One тобының мүшесі күтпеген мәлімдеме жасады


Ninety One тобының мүшесі ZAQ жүргізуші, шоумен Мәди Тұрғынбаевқа берген сұхбатында жарымен қалай танысқанын айтып, күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жүргізушінің сөзінше, олар 5 жыл бұрын "Су асты" клипінде танысқан. Ал әнші бір көргеннен ғашық болғанын айтты.

"Өмірім өзгерді, көзқарасым өзгерді. Бірінші рет көргенде, ерекше екені көрініп тұрды. Бір көргеннен ғашық болдым. Оны түсіну үшін аса бір сөйлесіп те қажет емес болды.

...Турымыз басталды. Турда әңгімелесіп, сөйлесе бастадық. "Баяу" бейнебаянның түсірілімінде екеуміз жалғыз қалып, сөйлесіп қалдық", - дейді әнші.

Ал әншінің жары бірінші кездесуде ештеңе сезбегенін жеткізді. Сондай-ақ, қашан жақсы сөйлесе бастағанын әңгімеледі.

"Танысқан кезде ештеңе сезбедім. Өйткені ұяламын. Менің "макияж жасағанда көзге тіке қарамау" деген ережем болды. Ол кезде бәрінен ұялдым. ...Ол менен кіші, інімдей қабылдадым. Ең басында жігіт ретінде қарамадым. Ұзақ жол кезінде әңгімелестік.

...Турне кезінде түсіндім. Олармен жұмыс істегеніме 4 ай болды. Бір қаладан екінші қалаға барғанда, ұзақ жол болды. Отырып, әңгіме айттық. Әдейі болды ма немесе кездейсоқ па, білмеймін. Мен әдетте жалғыз отыратын едім. Бала ауысуымды сұрады. Ол жалғыз отырғысы келді. Мен оның қасына отырдым, түні бойы әңгіме айттық. Бірдей ойлайтынымызды түсіндім... ", - деді Жадыра.

Әнші оған үйленуге ұсыныс жасамаған. ZAQ-тың жары Жадыра бұған қалыпты қарағанын айтты.

"Негізі 3,5 жыл бұрын немесе 4 жыл бұрын некемізді қидық. Кейін үйленген болған соң біртүрлі шығар деп ойладық", - деді әншінің жары.

Ал ZAQ-тың сөзінше, тек АХАЖ-да қол қоймаған, қалған рәсімдер өткен.

"Неке қидық, құдалық болды, қазақтың дәстүрі бойынша не болу керек, бәрі болды. Тек ресми түрде жарияламадық және АХАЖ-да қол қоймадық. 4 жыл некеде болған соң біртүрлі, мағынасы жоқ сияқты. Жадыра i said yes деген нәрселерге мән бермейді. Іштей бәрібір қалау болады ғой. Мен ондай романтик те емеспін", - деді әнші Ninety One тобының мүшесі.