03 сәу, 2026 сағат 14:13

Жақсылық Омар 6 жылға сотталып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды


Фото: ашық дереккөз


Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оған қатысты іс қаралып, үкім шығарылды. Сот шешімімен ол ірі мөлшердегі алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танылды.


Сот үкіміне сәйкес, Омар 6 жылға сотталып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Айта кетейік, бұған дейін прокурор да айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.