© Reuters
Украина Президенті Владимир Зеленский Bild-ке берген сұхбатында Путинмен келіссөздері туралы пікір білдірді. Зеленскийдің айтуынша, Киевтің Ресей президенті Владимир Путинмен отырып келіссөз жүргізгеннен басқа амалы жоқ, себебі соғысты тек Путин тоқтата алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Укринформ" порталына сілтеме жасап.
"Бүгінде Украинада келіссөз үстеліне отырғаннан басқа амал жоқ. Бұл соғысты тек Ресей тоқтата алады. Соғыс қашан тоқтайтынын тек ол (Путин-еск.) шешеді", - деді Зеленский.
Сонымен қатар, Украина басшысы "Ресей мен ресейлік сарбаздарды жек көретінін" ашып айтты.
"Көз алдыма елестеген кезде. Қолынан, аяғынан айырылып қайтыс болған балалар. Бұл сұмдық", - деді Президент.
Айта кетейік, Зеленский бұған дейін Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін бірнеше рет айтқан болатын.