25 нау, 2022 сағат 12:31

Зеленский Еуроодақтан Украинаны құрамына қабылдау шешімін кешіктірмеуін сұрады


Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одақ (ЕО) үшін "елді қауымдастыққа қабылдау шешімін кешіктіруге болмайды" деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Украина президентінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір біз Украинаның Еуропалық Одаққа кіру жолын салып жатырмыз. Осы жерде сіздерден шешім қабылдауда кешікпеулеріңізді өтінемін. <...> Кім не нәрсеге лайық екенін көріп тұрсыздар, Украина жақын арада ЕО-ға мүше болуы керек <...>, бізде мұндай мүмкіндік бар», - деді ол Еуропалық Кеңеске арнаған сөзінде. Бейнежазба жұма күні Украина президентінің Telegram-каналында жарияланған.

«Литва – біз үшін, Латвия – біз үшін, Эстония, Польша да. Франция, Эммануэль (Макрон), бізді қолдайтыныңызға сенемін», - деді Зеленский.

«Венгрия – осы жерде тоқтап, бірінші және соңғы рет ашық айтқым келеді. Кімді қолдауды өздеріңіз шешулеріңіз керек. Сіздер егеменді державасыздар», - деп жалғастырды Украина Президенті. 

Республиканың премьер-министрі Виктор Орбанға «сен» деп сөйлеген Зеленский оны «санкция салудан (Ресейге қарсы) тартыну-тартынбау, өз шекарасы арқылы қару-жарақ өткізу-өткізбеу және Ресеймен сауда жүргізу не жүргізбеуге қатысты ойланып жүргені үшін айыптады. 

«Ойланатын уақыт жоқ, шешім қабылдайтын кез келді. Сізге сенеміз, бізге сіздің қолдауыңыз қажет, халқыңызға, Еуропалық Одаққа сенеміз. Шешуші сәтте Германияның да бізбен бірге болатынына сенеміз», - деді президент.