18 нау, 2020 сағат 07:54

Ыстанбұлдан Алматыға ұшып келген 22 жастағы студент қыз коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам туралы мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Оның бірі - 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Ыстанбұл-Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі - 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайы жақсы», - деді Диас Ахметшәріп министрліктің ресми парақшасында.

Осылайша бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.