Фото: ұйымдастырушылардан
Республикалық кәсіби шеберлік WorldSkills Kazakhstan чемпионаты аяқталды, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Үш күн бойы жас мамандар "үздік" атағын иеленү үшін күресті.
Бұл шара Президенттің жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ерекше маңызға ие. Премьер-Министр Олжас Бектенов чемпионаттың финалистерімен кездесіп, олардың алған білімдерінің маңызды екенін айрықша атап өтті. Ол цифрлық трансформация мен технологиялық прогресстегі өзгерістерге дайын болу керек екенін айтты.
Фото: ұйымдастырушылардан
Қатысушылар өз шеберліктерін көрсеткен 30 компотенция ішінде дәстүрлі мамандықтар ғана емес, электр жөндеу, энергетика, кірпіш қалау, кузов жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі сияқты мамандықтармен қатар заманауи бағыттар да болды. Олардың ішінде мехатроника, инженерлік графика, веб-технологиялар, бизнеске арналған ІТ шешімдер, мобильді робототехника, мобильді қосымшаларды әзірлеу және прототиптеу бар.