02 қаз, 2020 сағат 11:26

Велоспортты дамытуға бөлінген қаражат жымқырылды – агенттік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» корпоративтік қорындағы жемқорлық фактісі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спортты дамытуға бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлаған «Туризм индустриясы және спортты қолдау қоры» қорының бас директоры мен оның серіктесіне қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Әр айыпталушының кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Сонымен қатар, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» корпоративтік қорының басшылығы мен лауазымды тұлғаларына қатысты велоспортты дамытуға бөлінген қаражаттың жымқырылу фактісі қаралып жатыр. Тараптарды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру жұмысы аяқталуда», - деді ол онлайн брифингте. 

Танысқаннан кейін іс айыптау актісімен қоса прокурорға жолданады.