19 мам, 2021 сағат 09:50

Вакцинаның І және ІІ компоненті барлық өңірде жеткілікті – министрлік


Барлық өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаның І және ІІ компонентінің жеткілікті көлемі бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы жылдың ақпан айынан бері аймақтарға вакцинаның 3,9 млн астам дозасы жеткізілді, соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 1,2 млн дозасы және «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» (Синофарм) вакцинасының 800 мың дозасы бар. 

18 мамырдағы жағдай бойынша, қазіргі кезде вакцинаның ІІ компоненті/дозасының 750 мыңға жуық дозасы бар. Соның ішінде «Спутник V» вакцинасы ІІ компонентінің 324 мың дозасы және «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell» (Синофарм) вакцинасының 400 мың дозасы бар. 

Бүгінде барлық аймақта КВИ-ге қарсы вакцинаның І және ІІ компонентінің/дозасының көлемі жеткілікті», - делінген комитет ақпаратында. 

Өңірлер бойынша:

Қарағанды облысына вакцинаның барлығы 329 795 дозасы жеткізілді. Соның ішінде 163 865-і егудің ІІ-ші кезеңін өткізуге арналғаны. Бүгінде вакцинаның 111 045 дозасы қалып отыр, оның 91 152-сі егудің ІІ кезеңіне арналған. 

Ақтөбе облысында КВИ-ге қарсы вакцинаның жеткілікті көлемі бар, барлығы 156 950 доза жеткізілді. Соның ішінде 57 450-і ІІ-ші кезеңді өткізуге арналған. Қазіргі кезде қалып отыр 55 522 доза, оның 28 071-і егудің ІІ-ші кезеңін өткізуге арналған. 

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның жеткілкті көлемі бар. 18 мамырдағы жағдай бойынша, аймаққа вакцинаның барлығы 134 400 дозасы жеткізілді, соның ішінде 43 200 доза – екпенің ІІ-ші компоненті. Қазіргі уақытта ІІ-ші кезеңді өткізуге барлығы 22 366 доза қалды. 

Батыс Қазақстан облысына барлығы 138 560 доза жеткізілді, соның 42 010-ы ІІ-ші кезеңді өткізуге арналған. Бүгінде вакцинаның 52 398 дозасы қалып отыр, оның ішінде 18 532-сі – ІІ компонент. 

Алматы облысына барлығы 410 060 доза алынды, соның ішінде ІІ-ші кезеңді өткізуге 202 210 доза болған. Бүгінде облыста вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Қалып отыр 93 950 доза, соның 80 156-сы вакциналаудың ІІ-ші кезеңін өткізуге арналған. 

«Тұрғындардың жоғары сұранысына байланысты жекелеген елді мекендерде вакцина жетіспеушілігі болуы мүмкіндігін атап өту керек. Мұндай жағдайда аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына талдау жүргізіп, вакциналарды сұранысқа қарай қайта үлестіру кеңес етіледі. 

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерді вакцинаның қажетті көлемімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.