Қазіргі кезде қазақстандықтарға вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлім етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Айта кету керек, халық арасында вациналау паспортының қағаз нұсқасының Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттен ақшаға тапсырыс беріп алуға болатыны жөнінде ақпарат таралуда.
«Санитарлық-эпидемиологиялық комитет қағаз нұсқада фирмалық бланкіде ешқандай вакциналау паспортын бермейді. Ондай өзгерістер орын алса, біз міндетті түрде республика азаматтарын хабардар етеміз. Мұндай сауал қарастарылып та жатқан жоқ», - деп хабарлады Комитеттен.
Ведомство жалғыз қолданыстағы вакциналау паспортының электронды екенін ескертті. Сонымен қатар Комитетте қазақстандықтарды мұқият болуға шақырып, алаяқтарға алданбауды өтінді.