05 мам, 2021 сағат 19:08

Вакцина алғандардың тек 0,02 пайызы ғана вирусты қайта жұқтырды – Алексей Цой


Қазақстанда коронавирус вакцинасын алған азаматтардың 0,02 пайызы ғана вируста қайта жұқтырып алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы алғанда, вакцинация процесінің қазіргі уақытта өте белсенді жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бүгінде азаматтарымыз вакцинаға үлкен сенім арта бастады. Вакцина алған азаматтардың ішінде тек шамамен 0,02 пайызы ғана ауырып қалды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Оның пайымынша, мұндай көрсеткіш вакцинаның тиімді екендігін көрсетеді. 

«Ол айқын көрініп тұр. Әрине, вакцинациялаудың мұнан арғы қарқыны денсаулық сақтау жүйесінің үйлесімді жұмысына, сонымен қатар азаматтардың түсінігіне, жақындары үшін дұрыс таңдау жасауына және ұжымдық иммунитеттің дамуына байланысты екендігін атап өткім келеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.