26 жел, 2024 сағат 17:51

Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның жағдайы белгілі болды


Фото: видеодан алынған кадр


Ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның жағдайы белгілі болды. Экипаж мүшесінің фото, видеосын Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли 1999 жыл дүниеге келген, деп жазады Ult.kz.


Бұған дейін ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болғаны хабарланған еді. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалғаны да ақпарат құралдарында жазылды. Көрер жарығы бар бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. 


Әзербайжандық БАҚ ауруханадағы бортсеріктің жағдайын білуге барғанда, ол көз жасына ерік беріп, қатты жылаған. 


Аман қалған стюардесса Айдан Рагимлидің фото және видеосын Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі жариялағаны белгілі болды. 


Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.