23 сәу, 2021 сағат 08:13

Үш мегаполис пен жеті облыс «қызыл аймақта» орналасқан

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 23 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр. 

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

«Жасыл аймақта» Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана.

Ал, жалпы Қазақстан «қызыл аймақта» орналасқан.