Алаяқ бірнеше рет адамдарды қомақты сомаға алдаған. Тергеу барысында іс бойынша қылмыс жасаудың 6 эпизоды тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяққа қатысты тергеу амалдарын аяқтады. Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқызметкері ретінде таныстырып, алдау жолымен түрлі мәселелерді шешетінін айтып, 15-тен 30 мың АҚШ долларына дейін және 30 млн-нан 60 млн теңгеге дейін ақша алған. Жалпы іс бойынша қылмыс жасаудың 6 эпизоды тіркелді», - деді Данияр Бекайдаров Antikor орталығында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, университеттің білім беру қызметімен айналысуға лицензиядан айырмау үшін Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен мәселені шешетінін желеу етіп, 30 мың доллар және 60 млн теңге қаражат алған.
Мұнымен қоса, жеке компанияның пайдасына мәселені оң шешпек болып 15 мың доллар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жұмысқа орналастырғаны үшін 25 мың доллар алмақ болғаны белгілі болды.