Үндістаннан келген адамдар 14 күнге үй карантиніне жатуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркеліп жатқан, коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлаған Үндістанда аумағында таралған штамның тасымалдануына жол бермеу үшін қосымша іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына келетін (оның ішінде үшінші елдер арқылы) тұлғалар және соңғы 14 күнде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға алынған анықтамасының болғандығына және коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан 14 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс», - деді Алексей Цой.