Фото: Facebook/Turlykhanov Daulet
Танымал қазақстандық палуан, грек-рим күресінен Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желіде дау тудырған ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.
Спортшы бұл жағдайға қатысты Instagram-парақшасында жазба қалдырды.
"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.
Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілген.