Ұлттық ұлан әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров әскери қызметшілерді коронавирусқа қарсы вакциналау қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әскери қызметшілерді вакциналау Ұлттық ұлан басшылығының ерекше бақылауында. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі», - деді Савердин Имиров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Ұлттық ұлан өкілі бүгінге дейін қанша әскери қызметші вакцина алғанын мәлім етті.
«Бүгінгі таңда 10 608 адам вакцинаның бірінші компонентімен, 606 адам екінші компонентімен вакциналанды. Әрине, біз бір уақытта бәрін вакциналай алмаймыз. Өйткені бұл біздің күнделікті әскери міндеттерімізді орындау ерекшелігіне байланысты. Сондықтан бәрі кесте бойынша жүріп жатыр», - деді Савердин Имиров.