Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22 тамызда сағат 15:15 шамасында, қызметтік міндетін орындау кезінде 2001 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы 3650 әскери бөлімінде (Алматы қаласы) өзіне бекітілген тапаншамен өз-өзін атып, алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Қазір құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіледі.
"Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп атап өтті ведомство.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.