08 сәу, 2022 сағат 15:20

Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр



Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;
Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.
Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және "А" арнаулы мақсаттағы қызметі.