2020 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банк сыртқы қарыздың бірыңғай тізілімін әзірлеу тиіс. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Еліміздің сыртқы кредиторлар алдындағы шамадан тыс берешегіне қатысты алып-қашпа әңгімені доғарту талап етіледі. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық экономика, Қары министрліктері және Ұлттық банк цифрландырылған мәліметтер базасы түріндегі сыртқы қарыздың бірыңғай тізілімін әзірлеу тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ұлттық кеңес қоғамның сенімін ақтай алатынын дәлелдегенін баса айтты.
«Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз. Соның арқасында саналуан пікірлер мен балама көзқарастар, сындарлы ұстаным, жауапкершілік сияқты құндылықтар алдыңғы қатарға шығады», - деді Мемлекет басшысы.