Украинаға бірнеше бағыттан шабуыл үдей түсті. Зеленский Батысты сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінге дейін осы қырғынның нүктесін қойып, батыл қадам жасай алатындар болды, олар әлі де бар, бірақ, үнсіз отыр. 2014 жылдың 24 мамырынан бастап бүгінге дейін талай мүмкіндік болды. Ресей Украинаға және ЕО-ға қарсы жасаған іс-әрекеттерінің зардабын тартуы керек екені айтылмай келеді", - деді Украина президенті Владимир Зеленский өзінің бейнежолдауында.
Ол Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін ұзақ уақыт бойы шеше алмаған ЕО-ны сынға алды.
"Украина соғыстың барысын өзгертіп, басқыншыларды қуып шығару үшін қажет қару-жарақтың барлық түрін алып жатқан жоқ, соғыс арсеналын күтіп жүргенімізге көп болды. Олар Ресей шекарасына жақын қалаларда, Донецкіде, Луганскіде қаза тапқандар мен жараланғандардың орнын толтыру үшін барлығын сонда жинап жатыр", - деп толықтырды Зеленский.