14 там, 2021 сағат 14:10

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үстіміздегі жылғы 13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген комитет мәліметінде.