ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты. Бұл туралы Семей қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Семей қаласының №2 соты жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бойынша, ол заңда белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтегені, жазаны өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсеткені, шығындарды төлегені, сот үкімі бойынша азаматтық талап қоймағаны, жазаны өтеу кезінде 19 мадақтау бар екені, жазаны өтеудің жеңілдетілген түріне ауысқаны, мекеменің қоғамдық өміріне және тәрбие іс-шараларына белсенді қатысқаны туралы материалдарды қарады. Осыған байланысты ол жазаны толық өтеуді қажет етпейді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.
Астана мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Мерзімі 2014 жылы 27 қазанда басталған, 2025 жылы аяқталуы керек.