Сурет: aikyn.kz
Шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығы мен өзге елдің азаматтығын алған 54 адамды анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар тұлғалардың шекарадан өтуінің 54 дерегін анықтады. Құқық бұзушылықтың басым бөлігін Ресей, Түркия және Қытай азаматтары жасаған", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ұсталғандар қосымша тергеу үшін полицияға жіберілген.