ҰҚК Каспий теңізіндегі бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі Ішкі істер министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ РФ ФҚҚ ШҚ-мен бірлесіп, Каспий теңізі акваториясында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады.
"ҰҚК Шекара қызметі іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуын бақылау күшейтілетінін хабарлайды. Мемлекеттің табиғи байлығын тонауға қатысты заңсыз әрекеттерді анықтау мақсатында бірқатар бірлескен рейд өткізу жоспарланған", - делінген хабарламада.