Белгілі журналист Қанат Құлшыманов ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылғы маусымнан қазіргі кезге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.