Жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру керек. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарыстыру маңызды. Игерілмей жатқан жер телімдерін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі амал-айласы өкінішке қарай, орын алатын болды. Осындай жағдайда жерді ешкім пайдалана алмай бос қалады. Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы