17 ақп, 2023 сағат 10:48

Түркиядағы зілзала: 261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман табылды

Фото: Anadolu

Түркияда жер сілкінісінен он бір күн өткеннен кейін үйінді астынан екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Anadolu басылымына сілтеме жасап.

26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авчи жер сілкінісінен кейін 261 сағаттан соң Хатай провинциясы Антакия қаласы Одабаши ауданындағы үйінді астынан шығарылды.

Антакиядағы Одабаши ауданындағы үйінділерді тазалаған құтқару тобы қираған үйдің тақталары арасында қысылып қалған екі азаматқа жетті. Белсенді күш-жігерден кейін олар екеуін де тірідей шығарып үлгерді.

Аман қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.