Фото: Anadolu
Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Бұл туралы AFAD табиғи апат зардаптарын жою басқармасы сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Кахраманмараш, Османие, Хатай, Килис, Газиантеп, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Адыяман, Малатья және Элязыгте жер сілкіністері салдарынан жалпы 38 мың 44 адам қаза тапқаны атап өтілді.
Ведомство мәліметінше, бірінші жер сілкінісінен бері өңірде 4,7 мыңнан аса қайталанған жер сілкінісі болған.
Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.