© AFP 2023 / Rami al Sayed
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 8,5 мыңнан асты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жер сілкінісінен 8754 адам қаза тауып, 49133 адам жарақат алған.
Сондай-ақ, зардап шеккен провинцияларда 6444 ғимарат қираған.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірнеше рет жер сілкінісі болып, Сирияның бірқатар провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.