Фото: dw.com
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.
Түркия вице-президенті Фуат Октай табиғи апаттан қаза тапқандар саны 18 342-ге, жараланғандар саны 74 242-ге жеткенін айтты.
Бұған дейін елде 17 674 адам қаза тауып, 72 879 адам жараланғаны хабарланған еді.
Сонымен қатар, көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қайтыс болған.