Фото:pik.bg
27 ақпанда Түркияның Малатия провинциясында 5,6 баллдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 110 адам зардап шекті. Үйінді астынан 32 адам құтқарылды.
Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (Afad) басшысы Юнус Сезер хабарлады, - деп жазады Анадолу порталы.
Оның айтуынша, зілзаладан 29 тұрғын үй құлаған. Ал іздеу-құтқару операциясына 657 адам жұмылдырылған.
Юнус Сезер түркиялықтарға бүлінген үйлерге жақындамау керектігін ескертті.
"Апат аймағында тұратын барлық азаматтың ұялы телефонына тиісті СМС-хабарлама келіп түсті. Жер сілкінісі әлі де жалғасып жатыр, зақымдалған үйлер құлап кетуі мүмкін", - деп ескертті ол.
Айта кетейік, AFAD-тың жер сілкіністері және қауіп-қатерді азайту жөніндегі бас директоры Орхан Татар аймақта соңғы үш аптада төрт жер сілкінісі, сондай-ақ магнитудасы 5,0-ден 6,0-ге дейін болатын 45-тен аса жер сілкінісі болғанын айтты.
Malatya ilimizin Yeşilyurt ilçesinde meydana gelen 5,6 büyüklüğündeki #deprem sonrasında,
— Yunus Sezer (@Yunus_Sezer_) February 27, 2023
An itibarıyla;
▪️ 1 vatandaşımız hayatını kaybetmiştir.
▪️ 110 vatandaşımız yaralanmıştır.
▪️ 29 bina yıkılmıştır.
▪️ 32 vatandaşımız yaralı olarak kurtarılmıştır.