Фото: moscow-baku.ru
Түркияда жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған 20 күндік сәби аман табылды.
Бұл туралы британдық Metro газетінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында және бірқатар БАҚ беттерінде хабарланды.
Керем Ағырташ есімді нәресте Түркияның оңтүстігіндегі Хатайда 60 сағаттық іздеуден кейін қирандылар астынан табылған. Оның отбасы мүшелерінің жай-күйі әзірге белгісіз.
Баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, медициналық бригадалар сәбиге алғашқы көмек көрсеткен.