Әлеуметтік желіден алынған фото
Түркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.
Осы орайда ол Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.