Фото: Bernat Armangue/AP
Хатай провинциясында үйінді астында жатқан ер адам 12 күннен кейін аман-есен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
"Анадолу" агенттігінің мәліметінше, 45 жастағы ер адам 278 сағаттан кейін табылған.
Айта кетейік, бұған дейін, Ыстамбұл мэриясы 318 ғимарат жер сілкінісі болса құлауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл ғимараттарда 10 мыңға жуық адам тұрады.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң екі ер адам құтқарылғаны хабарланған еді.
26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авджи жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң Антакияның Одабаши ауданында қирандылар астынан шығарылды.