Фото:twitter.com/anadoluagency
Түркияда қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Түркиядағы дипломаттар Түркияның Төтенше жағдайлар департаментімен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының азаматтары зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізіміне енген жоқ. Бұл ретте қирандының көп болуына байланысты құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын ескеру қажет", - деді СІМ өкілі.
Оның айтуынша, кейінгі тәулікте бірнеше отбасы Түркияда білім алып жатқан балаларын іздеп, дипломаттарға жүгінген.
"Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын", - деп қосты Айбек Смадияров.