07 ақп, 2023 сағат 18:32

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін


Фото: Eren Bozkurt / Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Түркияда консулдық есепте тұрған 968 Қазақстан азаматы бар. Оның ішінде: Анкарада - 498, Стамбулда - 45, Анталияда - 189.

"Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алып жатыр. Жалпы, Түркия билігінің мәліметінше, бұл елде 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан екі елде көптеген ғимарат қирады.