Фото: Reuters
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.
Гриффитс қазір жағдайды бағалау қиын екенін, барлық үйінділерді бөлшектеп, тексеру қажет екенін атап өтті.
"Бірақ мен қаза болғандардың саны бұл көрсеткіштен екі есе немесе одан да көп болатынына сенімдімін. Бұл қорқынышты. Табиғаттың соққысы қатты таңғалдырады. Бұл қираған ғимаратттар астында әлі де біраз адам жатыр ғой, олардың кейбіреулері тірі", - деді ол.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты.