Түркістан облысының тұрғыны мемлекеттік субсидияны заңсыз иеленгені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақша алаяқтығы заңсыз әрекетке жатады.
Алаяқтар алдау, жалған құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды дамыту үшін мемлекет бөлген қаражатты иеленеді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасаған «Ойсыл-Қара» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Азамат Н.Кенегесов 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ауыл шаруашылығы дақылдарын егу туралы жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынған.
Осылайша, тыңайтқыш сатып алуға заңсыз 4,7 миллион теңге субсидия алған.
Н.Кенегесов 3 жылға сотталды.