17 қар, 2021 сағат 11:38

Түркістан облысында 25 млн теңгенің малын ұрлаған қылмыстық топқа үкім шықты


Сарыағаш ауданында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудандық полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, жайылымда жүрген 24 бас жылқы мен 15 сиырды белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізген. 

Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 25 000 000 теңгені құраған. 

Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. 

Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылған 5 жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді. 

Полицейлер істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. 

Нәтижесінде сот шешімімен күдікті деп танылған 5 азаматтың екеуі 7 жыл мерзімге сотталса, қалған 3 күдіктінің бас бостандығы 7 жылға шектелді.