22 там, 2022 сағат 21:19

Тұрғындар қызыл кітапқа енген алып кесірткені видеоға түсіріп алды


Түркістан облысының тұрғындары қызыл кітапқа енген алып кесірткені видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұр кесел» атты Қазақстандағы ең ірі кесіртке ауыл ішіне кіріп кеткен. Оны видеоға түсірушілер ауыл маңында мұнан да үлкені бар екенін айтады.

«Бұл кішкентайы ғой. Ар жақты мұнан да үлкендері бар» - дейді камера ұстап тұрған жігіт. 

Ал, Түркістан облысы Сырдария – Түркістан МӨТП кіші ғылыми қызметкері Ғани Назарбек бұл кесірткенің Шардара мен Отырар ауданында көп кездесетіндігін жеткізді. 

«Түркістан облысындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерді қоныстайды. «Сұр кесел» жылан, сарышұнақ секілді жәндіктермен қоректенеді. Суда да жақсы жүзеді. Құрлықта жақсы жүгіреді. Бір өкініштісі, кей елді мекендерде таспен атқылап өлтіріп тастаған, көлікпен басып кеткен жағдайлар көп. Біз бұл қызыл кітапқа енген кесірткені туристік мақсатта да пайдалансақ болады. Себебі, арнайы зерттеу үшін келетін шетелдік ғалымдар көп. Олардың бұл кесірткеге қызығушылығы жоғары. Ал, мұнан үлкендері тек Тайланд жақта ғана кездеседі» - дейді ол.