30 сәу, 2021 сағат 13:30

Цой: Төтенше жағдай режимі қарастырылып отырған жоқ


Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа локдаун қандай жағдайда енгізілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ заңға сәйкес, бұл режим мемлекет басшысының жарлығымен енгізіледі және мемлекеттік комиссияда қабылданады. Төтенше жағдай жариялауға негізгі критерий – күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 пайыздан астамының науқастарға толуы. Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда қатаң шектеу іс-шаралары үшін тиісті шешім енгізіледі», - деді Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.