05 мам, 2021 сағат 19:37

Цой: QazVac вакцинаcының сапалы екендігін және жанама әсерінің жоқтығын көріп отырмыз


ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық QazVac вакцинасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы, отандық вакцинаны әзірлеу – бұл Қазақстанның үлкен жетістігі. Осыған орай қысқа ғана уақыттың ішінде вакцинаны әзірлеген әріптестерімізге тағы да бір мәрте ризашылығымызды білдіргім келеді және ол бүгінде қазақстандықтар үшін қолжетімді болып отыр. Өздеріңізде білесіздер, вакцинаның тәжірибелік топтамасы шағын көлемде Гвардейский елді мекенінде орналасқан ҚР Білім және ғылым министрлігініне қарасты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының алаңында шығарылып жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Сонымен қатар ол отандық вакцинаны алғандығын баса айтты. 

«Түптеп келгенде вакцинаның сапалы екендігін және қандай да бір жанама әсерінің жоқтығын көріп отырмыз», - деді Денсаулық сақтау министрі.