Отандық Youtube арнаға сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі медицинаның сапасына «4» деген қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бұл - өте күрделі мәселе. Денсаулық сақтау саласының жұмысын, оның есейгенін бағалау кезінде жағымды да, жағымсыз да деректерді көптеп келтіруге болады. Жалпы бағалайтын болсақ, денсаулық сақтау жүйесі Қазақстанда қалыптасып болды. Өзінің артықшылығы да бар. Қазір қызметтердің бәрі бірдей сапада көрсетілуі үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.
Оның сөзіне айтуынша, Қазақстанның медицинасы әлі де болса даму кезеңін бастап кешіп жатыр.
«Істейтін жұмыс көп. Халықаралық байланыстар да жақсы жолға қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті қандай баға берілсе де, оны жетілдіре түсу, жаңа әдістерді, емдеудің жаңа стандарттарын енгізуіміз керек. Ең бастысы сол жаңашылдықтар әр азаматқа жетуі тиіс. 5 балдық шкаламен есептесек, нобайлап айтқанда, 4 деген баға беруге болатын шығар», - деген министр медицина мамандарының біліктілігі туралы да өз ойын айтты.
«Менің ойымша, мұнда да сол төрт балдың айналасында баға қоюға болады. Көріп отырсыздар, дәрігерлер қателікке бой алдырып, құзыреттілік көрсете алмай жатады. Оған азаматтар шағымданады. Бірақ екінші жағынан қарасақ, жарқын тұстар да жоқ емес. Азаматтарымыз шетелге шықпай-ақ өз елінде емделе алады. Жер-жерде теңгерімсіздік бар шығар. Бірақ тұтастай алғанда жүйе қабілетті деуге болады», - деді Алексей Цой.