Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалдың жаңартылған болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты.
"Министрлік эпидемиологиялық ахуалды және вакцинациямен қамтуды ескере отырып, эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты.
Атап айтқанда, пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық болады.
Екінші, реалистік сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мыңға жетеді.
Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың болады", - деді Цой.
«Бұл ретте жоғарыдағы үш сценарийдің бірінің жүзеге асырылуы вакцинация мәселесіндегі азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты екендігін атап өткен жөн. Осыған орай жергілікті атқарушы органдар вакцинациямен қамтуды арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауы және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі мақсатқа сай болап деп есептейміз», - деді Алексей Цой.