Елімізге трансплантация жасатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2021 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша «Сандиммун Неорал, 25 мг капсула» бірегей дәрілік затты жеткізу мәселесі пысықталды. Дәрілік зат 20-21 сәуірде Алматы қаласындағы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына келіп түседі және өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының тәртіптеріне сәйкес жедел түрде еліміздің барлық медициналық ұйымдарына жөнелтілетін болады. Трансплантациядан кейін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының ерекше бақылауында», - деліген ведомство таратқан ақпаратта.
Министрлік аутоиммунды аурулары және иммун тапшылығы бар пациенттерді «Қалыпты адам иммуноглобулині G» препаратымен қамтамасыз ету мәселесі шешілгенін атап өтеді. «СҚ-Фармация» ЖШС «Гамманорм» сауда атауымен түпнұсқалық препараттың жылдық көлемін сатып алған. Сатып алынған препараттың бірінші партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түсті және жасалған шарттарға сәйкес елдің медициналық ұйымдарына жөнелтіледі.
Сондай-ақ, бүгінгі күні «Қант диабеті» диагнозы бар балалар үшін инсулин помпаларына жиынтықтар мен шығыс материалдарын сатып алу қамтамасыз етілді.