15 шіл, 2022 сағат 12:46

Трамптың бірінші әйелі қайтыс болды


АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бірінші әйелі Ивана Трамптың қайтыс болғанын хабарлады. Ол 73 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Ол керемет, ақылды, әдемі және таңғажайып әйел болды. Оның мақтанышы мен қуанышы үш баласы, кіші Дональд, Иванка және Эрик болды. Ол үшеуімен мақтанатын. Жатқан жерің жайлы болсын, Ивана!", - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Кейінірек ABC News басылымы оның жүрегі тоқтап қалғанын жазды.

Үш баласының анасы, Ивана Трамп әйгілі кәсіпкердің ісін жүргізуге, атап айтқанда, корпорация ғимараттарының құрылысына белсенді араласқан. 1980 жылдары ерлі-зайыпты Нью-Йорктің ең беделді жұбы саналатын. 1992 жылы олардың дауға толы ажырасуы дүйім жұртты дүрліктірген. Дегенмен, кейінгі жылдары Дональд Трамп бұрынғы әйелімен татуласқан көрінеді. Иванадан туған кіші Дональд Трамп, Иванка және Эрик әкелерінің президенттік сайлауына белсене араласқан.

Ивана Трамп 1949 жылы 20 ақпанда Чехияда дүниеге келген, Америка Құрама Штаттарына эмиграцияға кеткен және Канадада тұрған. Ол 1977 жылдан 1992 жылға дейін Дональд Трамппен некеде болды. Олар бірігіп үлкен бизнес жобасын басқарды. Сондай-ақ, ажырасқаннан кейін Ивана Нью-Йорктегі Ивана сән үйін басқарған.