02 мау, 2021 сағат 17:46

"Тозақтан шыққандай боламын" - Томирис Байсафаның анасы сот отырыстары туралы


Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша сот талқылауы өтіп жатыр. Марқұмның анасы Жанна Ахметова сот отырыстарының егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сот өтіп жатқанына үшінші апта болды. Ол күн сайын өткізіледі. Ашығын айтсам, бәрі өте қиын. Қарапайым сот пен алқабилер арасында үлкен айырмашылық бар. Алқабилер отырысында сот материалдарын айтуға болмайды. Онда кім оқиғаны басынан бастап, сенімді қылып айтып береді сол жеңеді. Қарапайым сот отырыс болса ол баяғыда сотталып кетер еді. Меджидов соны түсінді де алқабилер сотын таңдады", - деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова Instagram-парақшасында.

Жанна Ахметованың айтуынша, айыпталушы тарап "мүмкіндігінше жағдайдан шығуға тырысып жатыр".

"Меджидовтың достары бір ауыздан Томирис үш рет өзін-өзі өлтіргісі келгенін, сондай-ақ кейде белгісіз дәрі-дәрмек қолданатын нашақор екенін айтты. Оларға бұны Меджидовтың өзі айтқан. Ал "қазақтар қоғамдастығы оны осыған бола шығарып жіберген". Бірақ олардың бірде-біреуі мұндай оқиға болғанынан хабарсыз. Сотталушының досы куәгер Б., адвокаттар атынан Томиристің сыныптастарына хат жазып, куәлік беруді сұрайды. Адвокаттардан!" - деп жазады Жанна Ахметова.

Томиристің анасының айтуынша, Меджидовтың өзі тергеу барысында оқиғаның үш нұсқасын айтқан. Бірақ олар тергеуде расталмаған.

"Біріншісі, ол бір қадам жасап, құлап кеткен. Екіншісі, оны итеріп жіберіп, секіріп кеткен. Олай болуы мүмкін емес. Терезенің алды кең онда жай құлап кету мүмкін емес, ал өзі секірсе ештеңеге тимеуі керек болған. Үшінші нұсқа бойынша, ол құлаған кезде Томиристің көзін көрген... Оны көру үшін ол терезеде тұруы керек... Томириске жету үшін оған кем дегенде үш секунд қажет, ал құлаудың өзі 1,7 секундқа созылған. Ол тек терезе алдында тұрса ғана көруі мүмкін еді", - деді Жанна Ахметова.

Марқұмның анасы "құлау кезінде қосымша үдеу берілген, яғни оны бөтен адам итеріп жіберді" деп қосты.

"Ертең жарыссөз. Жұма күні алқабилер өз үкімдерін шығаруы мүмкін. Мен күнде тозақтан шыққандай боламын. Ешкімнің басына бермесін", - деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін 2018 жылы 3 мамырда МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент Томирис Байсафа Мәскеу ауруханасында қайтыс болғаны хабарланған еді.