Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:
- Қазақстан Республикасының Алматы облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастықты нығайтуға байланысты келісімді жасасу ниеті туралы хаттама.
- Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ош облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Талас облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі және «JOINT TECHNOLOGIES» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы «Ақ тілек» және «Қарасу» автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен инфрақұрылымына инвестиция тарту туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Шекара маңы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісім.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама.
- Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1996 жылғы 26 тамыздағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама.
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылға арналған Сыртқы істер министрліктері арасындағы Бірлескен іс-шаралар жоспары.
- Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Шу облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
- Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.