Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", - деп жазды Тоқаев Instagram-да.
Еске салайық, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.