© AFP 2023 / Ilyas Akengin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Президент Түркияға 1 миллион доллар бөлуді тапсырған. Одан бөлек, қазақстандықтардың өздері ақша жинап, көмек жіберіп отырды. Түркия елшілігінің мәліметіне сәйкес, үш күннің ішінде бір миллион доллардан астам қаржы жиналған. Ал жалпы сомасы 2,8 миллионға жетті. Барлық ақша AFAD қорына аударылды.